Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
-2
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Достық – Мойынты: 1,8 млн тоннадан астам жүк тасымалданды

Құрылыста тәулік бойы 3000 астам маман еңбек етіп, 600 бірлік техника жұмылдырылды. Бұл ретте қолданыстағы желі бойынша пойыздар қозғалысы тоқтаған жоқ. Жекелеген учаскелерде 100 мың текше метрден астам бұрғылау – жару жұмыстары жүргізілді – көлік тоқтаусыз жүріп жатты.

Жоба аясында 419 жасанды құрылыс, оның ішінде 5 ірі және 87 орта көпір, 288 су өткізгіш құбыр, 14 автожол өткелі салынды, сондай-ақ 32 станция жаңғыртылды.

Екінші жолдар бойынша қозғалыс іске қосылған сәттен бастап – 30 қыркүйектен 14 қазанға дейін – жаңа тармақ бойынша 279 жүк және 133 контейнерлік пойыз (орта есеппен – тәулігіне 20 пойыз) өтті. Ескі жолдар бойынша – 291 жүк және 121 контейнерлік пойыз (орташа – тәулігіне 21 пойыз). Кезең-кезеңімен іске қосу басталғаннан бері Достық – Мойынты учаскесі бойынша 1,8 млн тоннаға жуық жүк тасымалданды.

Екінші жолдарды енгізумен қатар бірқатар энергетикалық жобалар іске асырылды. «Достық» және «Ақши» қосалқы станциялары арасында ұзындығы 109 шақырым болатын 110 кВ электр берудің әуелік желісі салынды. Қуаты 16 000 кВ дейін ұлғайтылған «Достық» қосалқы станциясы қайта жаңартылды.

Бұл нысандар теміржол инфрақұрылымын, тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерін, мемлекеттік шекара учаскелерін және қайта тиеу пункттерін сенімді электрмен жабдықтауды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, Достық станциясының және жақын маңдағы аумақтардың 2000 жуық абоненті тұрақты электр энергиясын алады.

Достық – Мойынты учаскесі Қазақстан арқылы өтетін Қытай – Еуропа құрлық дәлізінің негізгі элементіне айналды. Жаңа темір жолы өткізу қабілетін күшейтеді, тасымалдауды жеделдетеді және Қазақстанды Шығыс – Батыс бағытының одан да маңызды буынына айналдырады.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2025 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз