Нұр-Сұлтан
Қазір
-7
Ертең
-3
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Мәжіліс депутаты Темір Қырықбаев: «Ескі Як-40 ұшақтарын пайдалануды тоқтату қажет»

Осының салдарынан бүгінде АИ-25 қозғалтқыштары мен оларға арналған сертификатталған қосалқы бөлшектер өндірісі де, халықаралық жеткізілімдер де мүлде жоқ. Сонымен қатар, Як-40 ұшақтары Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ICAO) белгілеген қазіргі заманғы шу мен шығарындыларға қойылатын талаптарға сай келмейді. Мұндай әуе кемелерін пайдалану Еуропалық Одақ аумағында 2002 жылдың 1 сәуірінен бастап тыйым салынған.

Алайда, депутат атап өткендей, Қазақстанда бұл ұшақтар әлі күнге дейін санитарлық авиацияда, яғни пациенттерді тасымалдау үшін қолданылып жүр. Бұл өз кезегінде адам өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіреді.

«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Заңының 4-бабына сәйкес негізгі мақсаттар – адамның өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаны, мемлекеттің мүдделерін қорғау және әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады», – деді Қырықбаев.

Депутаттың пікірінше, халықаралық стандарттарға сай келмейтін әуе кемелерін пайдалануды жалғастыру Қазақстанның халықаралық беделіне нұқсан келтіреді, әрі әуе қауіпсіздігі қағидаттарына адал ел ретіндегі имиджін әлсіретеді.

Осыған байланысты Мәжіліс депутаты мынадай шараларды қарастыруды ұсынды:
1. Адам өміріне қауіп төндіретін Як-40 ұшақтарын ел аумағында пайдалануды толық тоқтату;
2. Осы жылдың соңына дейін Як-40 әуе кемелерін кезең-кезеңімен пайдаланудан шығару кестесін әзірлеу;
3. ICAO халықаралық стандарттарына сай келетін заманауи әуе кемелеріне көшу бағдарламасын дайындап, бекіту;
4. Қоршаған орта мен мемлекеттің мүдделеріне қауіп төндірмейтін қауіпсіз ұшақтармен қамтамасыз ету.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2025 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз