Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
-3
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Қызылордада мектеп оқушысын колледж студенті пышақтап кеткен

Ал күдікті көп ұзамай полиция қызметкерлерімен ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қызылорда облыстық полиция департаменті басшысының орынбасары Серік Тоқтыбаевтың айтуынша, оқиға бойынша Қылмыстық кодексінің 106-бабы, 1-бөлігі «Кәмелетке толмаған адамға қасақана ауыр дене жарақатын салу» бойынша қылмыстық іс қозғалған.

«Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сараптамалар тағайындалды», – деді Серік Тоқтыбаев.

Мектеп әкімшілігі болса, оқиға сабақтан тыс уақытта болғанын айтып, бұл жағдайдың білім ордасына қатысы жоқ екенін жеткізді. Құқық қорғау органдары ата-аналар мен ұстаздарды балалардың мінез-құлқына, ортасына және әлеуметтік желідегі белсенділігіне көбірек назар аударуға шақырды.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2025 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз