Жұмысшы мамандықтары жылында еліміздің орта білім беру ұйымдарында 1000 бейіндік сынып ашу қолға алынды. Бұл бастама арқылы 31 000-нан астам оқушы еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша алғашқы кәсіби дағдыларға үйренеді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жоба мектеп оқушыларының кәсіби бағдарын жүйелі түрде қалыптастыруға және техникалық-кәсіптік білімге қызығушылығын арттыруға бағытталған. 2025-2026 оқу жылында ашылатын бейіндік сыныптар келесі бағыттарды қамтиды:
ақпараттық-коммуникациялық технологиялар;
ауыл шаруашылығы және экология;
көлік және логистика;
қызмет көрсету саласы;
шығармашылық пен мәдениет;
медицина және әлеуметтік қызмет көрсету.
Бейіндік сыныптар 9-11-сынып оқушыларына арналған. Әр өңірде олар нақты кадр тапшылығын ескере отырып жұмыс істейді. Процеске жергілікті жоғары оқу орындары, колледждер және жұмыс берушілер тартылады. Айта кетейік, бейіндік бағытты оқу жылы ішінде екі рет өзгертуге мүмкіндік бар.