Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
19
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Усман Дембеле биылғы «Алтын доптың» иегері

Бұл марапат Дембеленің карьерасындағы шешуші сәттердің бірі болды. Оның жолы оңай болған жоқ: 2017 жылы дортмундтық «Боруссиядан» «Барселонаға» ауысқан соң бірнеше жыл бойы әлеуетін толық көрсете алмады. Тек Парижде жаңа өмірге қадам басты.

«Мен бастан кешіп жатқан жағдай – ерекше сезім. ПСЖ-мен бірге осындай жетістікке жеткенімізді сөзбен жеткізу қиын. Сәл қобалжып тұрмын. Бұл трофейді жеңу оңай емес, ал оны маған аңыз ойыншы Роналдиньоның табыстауы – тіпті ерекше», – деді Дембеле Париждегі салтанатта.

Футболшыны бірқатар әріптестері сахнада қолдаса, қалғандары сол күні Марсельде Лига 1 аясында өткен матчта ойнады.

«Маған 2023 жылы сенім артқан ПСЖ-ға алғыс білдіремін. Бұл – нағыз үлкен отбасы. Президент Нассер әл-Хелаифи мен үшін әке секілді. Сондай-ақ бүкіл бапкерлер штабы мен қызметкерлерге ризашылығымды айтамын, олар ерекше қамқор болды. Командадағы барлық әріптестеріме де алғыс айтамын», – деп сөзін қорытындылады Дембеле.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз