Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
-3
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Оралда бала-шағасын жылатқан ер адам алғаш рет қара жұмысқа жегілді

Сотта жеңілдететін мән-жайлар ескерілді: ерлі-зайыптылардың татуласқаны және тараптардың қоғамдық жұмыс жазасына өз еркімен келісуі. Нәтижесінде ер адамға 40 сағат қоғамдық жұмыс тағайындалды.

1 қыркүйектен бастап Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске енгізілген өзгерістер күшіне енді. Бұған дейін «отбасылық-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қайшы әрекеттер» (ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабы) үшін тек әкімшілік қамау қарастырылған болатын. Енді соттың балама құқығы бар – қоғамдық жұмыстарға тарту.

4 қыркүйекте БҚО соты алғаш рет осы норманы қолданып, құқықбұзушыға 40 сағат қоғамдық жұмыс жазасын бекітті. Үкім заңды күшіне енгеннен кейін атқарылатын болады. Осылайша, Орал жаңа заң нормасы іс жүзінде алғаш қолданылған қалаға айналды.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2025 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз