Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
-5
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Қазақстан Қарулы күштерінің шығармашылық ұжымы Мәскеуде елдің ықыласына бөленді

Орталық әскери оркестрдің орындауындағы дала сарыны — қазақтың ұлттық әуендері мен кеңестік кезеңнен танымал шығармалар Ресей жұртшылығына да етене таныс болып шықты. Көрермендер ерекше әсер алғанын жасырмады.

Биыл Кеңес Одағының Батыры, аты аңызға айналған мерген Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жыл толуына орай «Жас сарбаз» балалар шығармашылық студиясының тәрбиеленушісі, халықаралық байқаулардың лауреаты Жасмина Түзелова «Әлия» әнін орындап, көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлады. Сейдолла Бәйтерековтің бұл туындысы осыдан 50 жыл бұрын Болгарияда өткен халықаралық фестивальде «Жыл әні» атанып, қазақ музыкасының шетелге кең таралуына жол ашқан еді.

Қазақстан Қарулы күштері әскери оркестрлер қызметінің бастығы – бас әскери дирижер подполковник Алмас Ибрагимов:

«Фестивальдің тақырыбына сай, біз Мәскеуге Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақ композиторы Нұрғиса Тілендиевтің шығармаларынан құралған попурри — “Туған ел”, “Саржайлау” және “Өз елім” әндерін ала келдік», — деп атап өтті.

Биыл 30 жылдығын атап өтіп жатқан Қазақстан Қарулы күштері Орталық әскери оркестрінің бұл өнер көрсетуі Қызыл алаңдағы көрермендер тарапынан зор қошеметке ие болды. Этникалық сарындарға бай композициялар көрермендер үшін тосын болмаса да, шынайы әсер мен ерекше эмоция сыйлады.

Айта кетейік, XVII Халықаралық «Спасск мұнарасы» әскери-музыкалық фестиваліне Ресеймен қатар Азия, Африка және Еуропа елдерінен келген 25 шығармашылық ұжым қатысуда. Фестивальдің салтанатты ашылу рәсімі Ресейдің Мемлекеттік туы күніне орай ұйымдастырылды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2025 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз