Бүгін, 18 тамызда Қонаев қаласында Шерзат Полатты өлтіргені үшін сотталғандардың апелляциялық шағымы қаралады. Бұл туралы Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовтың адвокаты Мейірман Шекеев хабарлады.
«Біз командамызбен сотқа дайындалып отырмыз. 18 тамызда 8 сотталушының апелляциялық шағымы Алматы облыстық сотының ғимаратында Қонаев қаласында қаралады», – дейді адвокат.
Сонымен қатар, төбелес болған оқиға орнында жүрген екі қыз – Эльмира Нұрбекова мен Дана Жақсыгелді қатысты іс, одан қалса, куәгер Юлдаш Розыбакиев пен Арлан Қазыкеновке қатысты шыққан бірінші сатының жеке қаулысына келтірілген Жақсыгелді Дананың жеке шағымы сол сот отырысында қаралады.