Қазақстанда тамыздың үшінші онкүндігінде жаппай егін жинау науқаны басталмақ. Осыған орай премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин жедел штаб отырысын өткізді. Бүгінде жаңа өнім жинау жұмысы 12 облыста және Шымкент қаласында жүріп жатыр.
Жалпы егістік көлемі: 23,6 млн гектар. Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар: 16 млн гектар.
Соңғы мәліметтер бойынша:
1,1 млн гектар орылды (6,6%);
1,6 млн тонна астық бастырылды.
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов техниканың дайындық деңгейі 93% екенін хабарлады. Жаппай жинау кезеңінде бұл көрсеткіш 100%-ға жетеді. Егін жинау жұмысына 402 мың тонна арзандатылған дизель бөлінді. Оның 42%-ы (9,3 мың тонна) жеткізілді. Бағасы нарықтан 18-20%-ға арзан.
Қазіргі таңда элеваторлардың жүктемесі – 16%. «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» тамыз соңына дейін кемінде 500 мың тонна астық өткізуді жоспарлауда. Қазірдің өзінде 328 мың тонна сатылды.
Көктемгі дала және жиын-терім жұмысына 5%-дық жеңілдетілген несие қарастырылған. Алматы және Жетісу облыстарында вегетациялық кезең қауіпсіз өтуде. Жамбыл облысында суару жұмысы кестеге сай жүргізіліп жатыр.