Алматы облысында өзін әкімдік қызметкері ретінде таныстырған Қаскелең тұрғыны ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін сотталды.
47 жастағы ер адам «пәтер алып беремін» деп 47 адамнан ақша алған. Ол әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға мемлекеттік ипотека бағдарламасы арқылы тұрғын үй рәсімдеуге уәде еткен. Пәтерді арзан пайызбен, қысқа мерзімде алып беретінін айтып, сенімге кірген.
Сот оны кінәлі деп тауып, 4 жыл 8 айға бас бостандығынан айырды. Сонымен қатар, ол жәбірленушілерге 75 миллион теңге қайтарып, сот шығындарын өтеуге міндеттелді.