Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
-5
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

«Жастарды ұлттық мәдениетке тартқымыз келсе, оны цифрлық ортада сөйлетуіміз керек» – Аида Балаева

Министрдің айтуынша, соңғы жылдары мәдениет объектілерін цифрлық форматқа көшіру, автоматтандырылған жүйелерді енгізу бағытында нақты қадамдар жасалып жатыр.

Биыл Қазақстан музейлерінің бірыңғай виртуалды алаңы – E-museum веб-порталы іске қосылмақ. Бұл платформа арқылы әлемнің кез келген нүктесіндегі қолданушылар еліміздің мәдени мұрасын 3D үлгілер мен интерактивті форматта көруге мүмкіндік алады. Жоба аясында көрнекі цифрлық технологиялар қолданылып, еліміздегі мемлекеттік музей қорын электронды форматта үздіксіз жүргізуге жағдай жасалады. 

Қазір «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени музей-қорығының қорғауындағы «Айша бибі кесенесі» ескерткішінде электрондық билет жүйесін енгізу жұмыстары қолға алынды. Жүйе бейнекамерамен, турникетпен жабдықталып, объектке кіру face id немесе IDcard арқылы жүргізілетін болады. Сондай-ақ, «Әзірет Сұлтан» музей-қорығының объектілеріне, «Отырар» музей-қорығының «Отырар қалашығы», «Арыстан баба кесенесі» объектілеріне, «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени музей-қорығының «Қарахан кесенесі» объектісіне жоғарыда аталған автоматтандырылған жүйені енгізу бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.

«Мәдениет цифрланбаса – ол тұйықталады. Қазіргі ұрпақ ақпаратты визуалды, интерактивті түрде қабылдайды. Демек, егер біз жастарды ұлттық мәдениетке тартқымыз келсе, оны солардың тілімен, цифрлық ортада сөйлетуіміз керек. Бұған қоса, цифрландыру – мұраны сақтау кепілі. Қағаз құжат пен қолжазба тозады, бірақ цифрлық нұсқа мәңгі сақталады әрі әлемнің кез келген жерінен қолжетімді болады», – деді Аида Балаева.

 

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2025 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз