Шетелдік азамат Ақтаудағы Каспий суының мөлдірлігіне таң қалды. Әлеуметтік желіде Махачкаладан келген тіс дәрігері Әли Байрамбеков өзінің алған әсерін сөзбен жеткізді.
Оның айтуынша, Ақтау мен Махачкала бір Каспийдің бойында орналасса да, батыс жағалаудағы теңіз суы өте қатты ластанған, оған шомылуға да тыйым салынған екен.
«Малдив пе, алде Тайланд па деп ойлап қалдым. Судың мөлдірлігіне сөз жетпейді», – деп сипаттады ол.