Абай облысында 50 жастағы әйел адам заңсыз оқ-дәрі сақтағаны үшін сот шешімімен жауапқа тартылды. Тергеу барысында анықталғандай, ол аталған оқ-дәрілерді марқұм әкесінен қалғанын айтып, кінәсін толық мойындаған.
«Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Бесқарағай аудандық полиция қызметкерлері әйелдің үйінен заңсыз сақталған оқ-дәрілерді тауып, тәркілеген. Сотта айыпталушы айыппұл төлеуге мүмкіндігі жоғын айтып, бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны сұраған.