2025 жылы Құрбан айттың бірінші күні — 6 маусым, жұма күніне түсіп тұр. Осыған орай Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл күнді ресми демалыс деп белгіледі.
• Бес күндік жұмыс кестесіндегі азаматтар: 6, 7, 8 маусым (жұма-жексенбі) күндері демалады.
• Алты күндік жұмыс істейтіндер: 6 маусым (жұма) және 8 маусым (жексенбі) күндері ғана демалады, ал 7 маусым (сенбі) — жұмыс күні.