Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-2
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Бірыңғай уақыт белдеуіне қатысты Үкіметтің зерттеуі жариялады

– Еуропадағы көптеген дамыған елдерде Қазақстанға ұқсас күн шығу және бату уақыты бар. Бұл елдер белсенді дамып, адами капиталды жетілдіру бойынша жоғары көрсеткіштерге ие. Осыған байланысты Үкімет бірыңғай уақыт белдеуін енгізу туралы шешімді қолдайды және оны ғылыми тұрғыда дәлелденген деп санайды, – деді вице-премьер.

Сонымен қатар, зерттеу нәтижелері жаңа уақыт белдеуі білім беру жүйесіне теріс әсер етпегенін және жол-көлік оқиғалары мен көшедегі қылмыс деңгейіне айтарлықтай ықпал етпегенін көрсетті. Шығыс Қазақстан облысының жеті ауданында жұмыс кестесіне өзгеріс енгізіліп, бұл бастама жергілікті халық тарапынан қолдау тапқан.

Жиын барысында Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек және өзге де мемлекеттік орган өкілдері депутаттардың сұрақтарына жауап берді. Арман Шаққалиевтің айтуынша, уақыт белдеуін өзгерту халықтың негізгі өмірлік көрсеткіштеріне және экономиканың негізгі салаларының жұмысына теріс әсерін тигізбеген.

Ал Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев бұл қадамның денсаулық сақтау саласына оң ықпал еткенін мәлімдеді. Оның айтуынша, жедел жәрдем шақыру саны 0,4%-ға, жүрек-қан тамырлары аурулары 3,5%-ға, психикалық және мінез-құлық бұзылыстары 1,6%-ға, жарақаттану деңгейі 3,3%-ға, қатерлі ісік көрсеткіші 1,7%-ға төмендеген.

– Мемлекет басшысы «Ана тілі» газетіне берген сұхбатында Үкімет уақыт белдеуін ауыстырудың ел өміріне әсерін жан-жақты зерттеуі керектігін айтқан болатын. Бүгін Үкімет осы ғылыми зерттеудің қорытындысын ұсынды, ол уақыт белдеуін өзгерту туралы шешімнің негізді екенін дәлелдейді, – деді Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов.

Талқылау қорытындысында депутаттар зерттеу нәтижелерін қабылдап, оның маңыздылығын халыққа кеңінен түсіндіру қажет екенін атап өтті.

Үкіметке жергілікті атқарушы органдармен және мәслихаттармен бірлесіп, бірыңғай уақыт белдеуіне көшудің ғылыми негіздерін түсіндіру бойынша ауқымды ақпараттық жұмыс жүргізу ұсынылды. Бұл іске ғалымдар, сарапшылар мен қоғам қайраткерлерін тарту, сондай-ақ БАҚ пен әлеуметтік желілер арқылы кеңінен ақпарат тарату қажеттігі айтылды.

Сонымен бірге, халықтың сұранысы мен шетелдік тәжірибені ескере отырып, өңірлерде жұмыс кестесін өзгерту тәжірибесін жалғастыру ұсынылды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2025 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз