Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
-2
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Қазақстанда пәтерін жалға берушілер табысынан 10% салық төлеуі тиіс

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, тұрғын үйді жалға беру – кәсіптің бір түрі, сондықтан азаматтар заң аясында әрекет етіп, табыстарынан салық төлеуге тиіс. Алайда, бұл қызметті заңдастыру үшін жеке кәсіпкер ретінде тіркелу міндетті емес. Сонымен қатар, жалға берушілер жыл сайын келесі жылдың 15 қыркүйегіне дейін мүлік және жалға беруден түскен кіріс туралы декларация тапсыруы қажет.

Айта кету керек, 10%-дық мөлшерлемеге зейнетақы жарналары, әлеуметтік төлемдер және медициналық сақтандыру жарналары кірмейді. Бұл талап қоғамда әртүрлі пікір тудырып отыр: кейбірі оны дұрыс шешім деп санаса, енді бірі бұл жалға берілетін пәтер бағасының қымбаттауына алып келеді деп алаңдаулы.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2025 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз