Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
-2
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Түркістанда мүгедек жігітті бірнеше жыл зорлаған күдіктілер әлі бостандықта жүр

Соңғы зорлық оқиғасы ақпан айында болған. Күдіктілер оны өлтіреміз деп қорқытқандықтан, жәбірленуші үндемей келген. Оның психомоторлы дамуы тежелген және мүгедектігі бар.

«Ауылымыз шағын, небәрі 100-ге жуық аула бар. Балама бұл қорлықты күйеуімнің үш туысы көрсеткен. Олар – бір үйдің адамдары. Тағы бір күдікті менің баламнан 10 жас кіші. Ұлымды кезек-кезек зорлап отырған. Менің ең қатты қынжылғаным – бұл әрекетті тек ересектер ғана емес, балалар да жасағаны. Олар баламның әлсіздігін, әкесінің жоқтығын пайдаланып, оны қорғайтын ешкім жоқ екенін білген», – дейді жәбірленушінің анасы.

Полиция бұл оқиғаға қатысты тергеу амалдары басталғанын растады. Алайда күдікті ауыл тұрғындары әлі бостандықта жүр. Олардың кінәсі сараптама нәтижесіне байланысты анықталмақ.

«Аталған дерек полиция бөлімінде тіркелді. Барлық мән-жайды анықтау үшін жедел-іздестіру шаралары жүргізілді. Полицейлер 6 күдіктіні анықтап, жауап алды. Қазіргі уақытта қажетті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижесі бойынша заңды шешім қабылданады. Бұл іс Түркістан облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында», – деп мәлімдеді Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2025 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз