Шымкентте жас жігітті бір топ адам лифт ішінде аяусыз ұрып-соғып, пышақтаған. Оқиғаға жәбірленушінің қарызын уақытында қайтара алмауы себеп болған. Бұзақылар оны тепкілеп, басынан ауыр жарақат салып, жамбасына пышақ сұғып кеткен.
Зардап шегуші он күн ауруханада жатып, жақында ғана үйіне шыққан. Ол полицияға арыз түсіргенімен, күдіктілер әлі қамауға алынбаған. Шымкент қаласының Полиция департаменті күдіктілерді іздестіріп жатқанын хабарлаған, алайда тергеу процесі баяу жүріп жатыр.