Қызылорда облысы Арал аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында браконьерлерді ұстады. Төрт күдікті мінген «Тойота» автокөлігінің тіркемесінен 19 өлексе табылды. Қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіледі. Күдіктілер үйқамаққа алынды.
«Көлікті тексеру барысында артқы орындықта тіркелмеген қару табылды. Прожектор, 2 рация, арқан тәркіленді. Сонымен қатар, жол талғамайтын көліктің тіркемесін тексеру барысында 19 ақбөкеннің өлексесі табылды», – делінген облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.