Нұр-Сұлтан
Қазір
-11
Ертең
-9
USD
531
+1.72
EUR
544
+4.83
RUB
5.16
-0.01

Шымкентте қаскөй анасын өлтіріп, денесін өртеп жіберген

Жан түршігерлік жайдың куәсі болғандар 1994 жылғы ер адамның психикалық ауытқуы бар болуы да мүмкін дейді. Бірақ бұл отбасында бұрын-соңды жанжал болғанын немесе күдіктінің теріс қылықтарын ешкім байқамапты.

«Бәріміз қосылып итердік қақпаны. Ашып жібергенімізде бала от жақта жүрді бірінші. Бізді көрді де бізге қарай атылып жүгірді. Времянкаларына кірмедік, есігі ашық тұрған, басымызды сұғып, «апа, апа» деп іздеп қарасақ, сүйретілген қан, қабырғаның бәрі қан, біз айғайладық та қаштық. Сосын баласы бізді қуалады», – дейді куәгер.

«Қысымым көтеріліп, дәріханадан келе жатқанбыз. Үйде өрт болып жатқанын көрдік. Басқа да көршілер тұрды. Қақпаны ашып көрдік. Ол бізді де қуды, қолында бірнәрсе болды, сонынмен бізді ұрғысы келді. Біз қаштық, қатты қорықтық. Анасын өлтірген адамнан бәрін күтуге болады», – деді тағы бір куә.

Күдіктіден қашқан куәгерлер бірден полиция шақырған. Тәртіп сақшылары ер адамды ұстап, қамауға алған. Оқиға орнында мәйіттің өртенген қалдықтары табылған. Жантүршігерлік оқиға бойынша ҚР ҚК 99-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр.

«12 қаңтар түнгі уақытта полицияға зорлық-зомбылықпен өлім белгілері бар өрт туралы хабарлама түсті. Оқиға орнынан әйел адамның мәйіті табылды. Жайт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, қамауға алынды. Алдын ала деректер бойынша, қылмыс отбасылық жанжал нәтижесінде болған», — деп мәлімдеді Шымкент қаласы ПД баспасөз қызметі.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2025 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз