БҚО-ның тұрғыны 93 жастағы мұғалімнің бейнесі қазақстандықтарды тәнті етті. Бейнежазбада кейуана тақтаға шығып есеп формулаларын түсіндірген.
Деректерге сүйенсек, бейнежазбаның сипаттамасында бұл 93 жастағы сынып жетекші Назия Губайдоллақызы екендігі айтылған. Ол сол кезде өзінің мектепті бітіргеніне 40 жыл толуына орай жиналған ересек оқушыларына сабақ берген.
Сонымен қатар кейуананың қызы анасының немерелерін ҰБТ-ға дайындауға көмектескенін және оның күш-жігерінің арқасында балалардың барлығының грантқа түскенін айтады. Желі пайдаланушылар өздерінің таңданысын жасырмады. Олар ұстаздың есте сақтау қабілетіне тәнті болып, ұзақ өмір тіледі.