Нұр-Сұлтан
Қазір
-10
Ертең
-11
USD
527
0.00
EUR
543
0.00
RUB
5.16
0.00

«Қазақстан халқына» қорының қаражаты қайда жұмсалып жатыр

– қордың қызметі ашықтық, есептілік және тұрақтылық қағидаттарына негізделген. 2023 жылдың қорытындысы бойынша Ernst&Young компаниясы сыртқы аудит жүргізген;

  • қордың денсаулық сақтау саласына, атап айтқанда, ауыр және сирек кездесетін сырқатқа шалдыққан науқастарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге ерекше мән беретіні жөнінде баяндады:

– осы мақсатта 461 адамға, соның ішінде 342 балаға 57,7 миллиард теңге бөлінген;

– қатерлі ісікке душар болған 1200-ден астам адамға құны 14,5 миллиард теңге болатын арнаулы препараттар берілген;

– бес онкологиялық орталық пен балаларға қызмет көрсететін 22 нейрохирургия бөлімшесіне заманауи құрал-жабдықтар сатып алынған;

– балалар мүгедектігінің алдын алуға арналған 13 ерте араласу орталығын ашу жоспарланған болатын. Бүгінде осы мақсаттағы 10 нысан қызмет көрсете бастаған;

– әлеуметтік қолдау бағытында аутизм белгілері бар балаларға арналған 7 орталық, сондай-ақ өңірлерде 6 оңалту орталығы пайдалануға берілген. Алдағы уақытта тағы 20 орталық іске қосылады. 150 адам инновациялық протезбен қамтылған;

  • Тірек мектептердің әлеуетін дамыту жобасы аясында 135 ауыл мектебі жаңғыртылғанын жеткізді:

– Алматы облысындағы 50 мектепте және Қарағанды облысындағы 86 білім ошағында физика, химия, биология сабақтарына арналған заманауи кабинеттер жабдықталған;

– қордың білім беру гранттарына 3 мыңнан астам студент ие болған;

– Ақтөбе облысында 134 шағын жинақты мектептің материалдық-техникалық базасы жаңарып, цифрлық технологиялар арқылы оқытудың төрт моделі енгізілген;

  • мәдениет пен спорт саласында Батыс Қазақстан облысының кітапханаларын комьюнити орталық ретінде қайта құру және 13 модульді спорт залын салу жұмыстары қолға алынғанын хабарлады. Елді мекендердегі 100 балалар спорт залы жабдықталған;
  • қор тасқыннан зардап шеккен жандарға қолдау көрсетіп, бес облыстағы 627 үйдің құрылысын қаржыландырғанын баяндады;
  •  «Шағын қалалар – үлкен мүмкіндіктер» әлеуметтік бастамасы аясында ірі кәсіпорындардың және бизнестің қолдауымен моноқалалардың инфрақұрылымын жақсарту бағдарламасын әзірлеу жоспарланып отырғанын айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан халқына» қорының жұмысын жоғары бағалап, қайырымдылық шараларының Қазақстандағы азаматтық қоғамның дамуы мен әлеуметтік тұрақтылығын нығайтудағы маңызын айтты.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2025 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз