16 желтоқсанда Қостанай облысында ірі жол апаты болып, үш адам қаза тапты, тағы үш адам жараланды. Полиция істі тергеп жатыр.
Алдын ала мәлімет бойынша, 16 желтоқсанда күндіз «Қостанай-Әулиекөл-Сурган» автожолында, Қарасу ауданына қарасты Геркено ауылынан 10 шақырым жерде ірі жол апаты болды. Volvo және Toyota Alphard автокөліктері соғысқан. Ірі жол апатынан үш адам оқиға болған жерде көз жұмды, тағы үш адам Әулиекөл аудандық ауруханасына жеткізілді.
Полиция Қылмыстық кодектің 345-бабы (абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет) негізінде тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Еске салсақ, бұған дейін де Қостанай облысында 4 адам қаза тапқан қайғылы жол апаты болған еді. Полиция департаменті сотқа дейінгі тергеу бастады.