Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
-12
USD
496
-2.06
EUR
523
-2.87
RUB
4.94
-0.03

Ақтөбеде көлігін сатып аламын деп өзін өлтірген

Күдікті жәбірленуші С-ның жеке басын анықтауды қиындату үшін оның бетін пышақпен кесіп, мәйітін ауылдық жолдың жанындағы бұталарға тастап кеткен. Сотта прокурор айыпталушыны 23 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Ал жәбірленуші мен оның адвокаты ең қатаң жазаны тағайындауды сұрады.

Сотталушының кінәсі жәбірленуші өкілінің, куәгерлердің, сарапшылардың айғақтарымен, оқиға болған жерді тінту және қарау хаттамаларымен, сараптамалардың қорытындыларымен және алынған заттай дәлелдемелермен дәлелденді.

Сот сотталушыға жеңілдететін мән-жайлар ретінде соттылығының жоқтығын және жас балалардың болуын назарға алды. Қылмысты жасыру немесе оны жасауды жеңілдету мақсатында қылмыстық құқық бұзушылық жасау сот ауырлататын мән-жай деп таныды.

«Сот үкімімен сотталушы кінәлі деп танылып, оған 22 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жәбірленушінің талап арызы ішінара қанағаттандырылды. Сонымен қатар сот полиция департаментінің басшылығына тиісті шара қолдану үшін жеке қаулы шығарды», – делінген сот хабарламасында. 

Еске салсақ, 9 маусымда 55 жастағы әйел көлігін сату үшін көлік базарына шығып, жоғалып кеткен. Жоғалған әйелдің туыстары полицияға хабарласқан. Тәртіп сақшылары қала сыртынан әйелдің денесін тапқан.

Осы іске қатысы бар деп Ақтөбелік келіншектің қоңырауын жауапсыз қалдырған диспетчер 2 жылға сотталған еді.  Алайда Ақтөбе облыстық соты төтенше жағдайлар қызметінің жедел диспетчер жазасын жеңілдетті.

 

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз