Алматыда Баян Алагөзованың ұйымдастыруымен өтетін «Қазақ аруы» байқауының нәтижесі анықталды. Қызылорда облысының тумасы 17 жастағы Ақкербез Ысқаққызы – «Қазақ аруы-2024» атанды. Оған тәж және арнайы шапан тағылды.
Екінші орынды Алматы қаласының тумасы Назерке Мырзағалиева иеленсе, ал үшінші орын алматылық Ақерке Серікжанға бұйырды.
Биыл байқаудың ерекшелігі – жеңімпазды халық таңдағаны. Себебі бұған дейін кім Қазақ аруы атанатынын қазылар алқасы анықтаған.
Алайда желі қолданушылары байқаудың ұйымдастыру деңгейіне наразы. Себебі, Telegram бот істемей, дауыс берілмей қалған. Сол себепті желі қолданушыларының көп бөлігі жеңімпаз әділ анықталмады деп санайды.