Семейдегі мектепке дейінгі мекемелердің бірінде балаларды ұрып-соққан тәрбиеші жұмыстан шеттетілді. Ата-аналардың айтуынша, тәрбиеші балаларды әріп білмегені үшін және басқа бағдарламаны меңгере алмағаны үшін ұрып-соққан. Балабақша әкімшілігі ұсынған бейнео ата-аналардың бұл сөзіне дәлел болды.
Қазір тәрбиеші жұмыстан шеттетілді. Сондай-ақ сегіз ата-ана тәрбиешінің үстінен арыз жазғандықтан, 140-бап бойынша педагогке қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ал мекеме басшысына қатаң сөгіс жарияланды.