Орал қаласында полицейлер студенттерді қорқытып, ақшаларын иемденген күдіктілерді ұстады. Патрульдік полицейлер Орал қаласы ПБ Абай полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, екі студентті қорқытып, 150 мың теңге шағын қарыз ресімдеуге мәжбүрлеп, ақшаны өз есеп шоттарына аударған адамдарды ұстады.
«Жедел-іздестіру нәтижесінде полиция қызметкерлері осы қылмысты жасады деген күдікпен Орал қаласының бұрын сотталған үш тұрғынын қолға түсірді. Ұрланған ақша тәркіленіп, ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оларға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде», – делінген хабарламада.