Астанада белгісіз біреу елорда тұрғынының банкоматқа салған бір миллион теңгесін ұрлап кеткен. Жәбірленушінің банкомат арқылы есепшотына ақша салмақ болған. Азамат банкноттарды банкоматқа салып, операция аяқталды деп ойлап, терминалдан алыстап кеткен.
Алайда техникалық себептерге байланысты ақша салынбай, банкомат ақшаны қайтарып берген. Жәбірленуші ақшаның кері қайтқанын көрмеген. Осы сәтті пайдаланған ер адам ақшаны алып, қашып кеткен.
Заңсыз әрекет жасады деген күдікпен полицейлер 34 жастағы күдіктіні ұстады. Ол ұрланған ақшаны жеке қажеттіліктеріне жұмсаған. Айыпталушы кінәсін мойындады. Аталған фактіге байланысты қылмыстық іс қозғалды.