Қуандық Бишімбаевтың туыстарынан 100 миллион теңге пара алмақ болды деп айыпталған Людмила Грачёваға үкім кесілді. Астананың мамандандырылған ауданаралық соты оны айыпты деп танып, 10 жылға бас бостандығынан айырды.
Сотта Грачева бет-жүзін көрсетпеуді талап етті. Үкім оқылар алдында соңғы рет сөз алған әйел, әу баста экс-министрдің туыстарына Бишімбаевтың 25 жыл бұрынғы оқиғасын жария ету үшін хабарласқан. Айтуынша, ақша бопсалау ойында да болмапты. Людмила Грачёва судьядан кәмелетке толмаған 17 және 6 жастағы баласы бар екенін ескеріп, жазаны жеңілдетуді сұрады.
«ҚР ҚК 367-бабының 4-бөлігі «Аса ірі мөлшерде пара беру» бойынша 28-баптың 4-бөлігі «Арандату» қолданылғаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылсын. Мемлекеттік қызметте, Ұлттық банкте, қаржы нарығын реттеу және бақылау жөніндегі уәкілетті органдарда, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазым атқаруға өмір бойына тыйым салынсын», – деді судья Сейфулла Тасымбетов.