Нұр-Сұлтан
Қазір
-13
Ертең
-6
USD
516
+0.32
EUR
536
-0.13
RUB
5.18
0.00

Павлодарда 16 жылдан кейін әйелдің «жынды емес» екені анықталды

Прокурорлардың сөзінше, бұл – психохроникалық орталықтағы пациенттің мемлекеттік мекеме қамқорлығынан шығуының алғашқы жағдайы. Павлодарлық қыздың мекеме мамандарының көмегіне қашаннан бері мұқтаж болмағаны белгісіз.

«Орталық қызметкерлері қамқорлықтағы адамның денсаулығында оң өзгерістер байқалғанын елемеген. Оның жағдайы жақсарған. Қамқорлықтағы адам сотқа барып, өзінің әрекетке қабілетті екенін және қамқорлыққа мұқтаж емес екенін айта алмайды. Бұл әрекетті қамқоршы, яғни бұл жағдайда мемлекеттік мекеме істеуі керек еді. Бірақ олар мұны жасамады. Қазір қыздың қамқорлығы алып тасталды. Әрекетке қабілетті адамды психоневрологиялық орталықта ұстағаны үшін 6 адам – орталық директорының орынбасары, дәрігерлер мен медицина қызметкерлері тәртіптік жауапқа тартылып, ескерту және сөгіс алды», – деді Павлодар ауданының прокуроры Ермек Ахметов.

Аймақтың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы прокуратураның қорытындыларымен келіспейді. Ресми мәлімдемеде прокурорлар павлодарлық қыздың конституциялық құқықтарын қалпына келтіргенін хабарлады. Ал басқарма өкілдері өз тараптарынан құқықтарды бұзбағанын айтады.

«Бұл жерде қате түсіндіру бар. Біз қазір бұған қарсы шығамыз. Себебі орталықтың өзі әрекетке қабілетсіздікке шешім шығармайды. Оны сот анықтайды», – деді Павлодар облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Альмира Дисюпова.

Құзырлы орган өкілдері әйелдің үшінші топтағы мүгедек екенін айтады. Шығарылғаны туралы жаңалықты ол қуанышпен қабылдады. Қазір әйел алыстағы туыстарында тұрып жатыр. Облыс прокуратурасының мәліметінше, Мичурин психоневрологиялық орталығында 540 адам бар. Прокурорлық тексеріс әлі жалғасуда.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз