Алматыда жан түршігерлік қайғылы оқиға болды. Екі оқушының денесін тұрғын үй кешенінің бірінен жергілікті тұрғындар тапқан. Алдын ала ақпарат бойынша, қыздар көпқабатты ғимараттың төбесінен құлаған. Оқиғаның себебі әлі белгісіз, бірақ қайтыс болған қыздардың бірі эко-сарапшы Евгений Мұхамеджановтың қызы екені анықталды.
«Біздің қызымыз қайтыс болды. Шатырдан құлады. Бұған дейін қала бойынша көптеген баланың шатырдан құлағаны белгілі. Біз оқиғаның видеосын күтеміз. Қаладағы үйлердің шатырына шығу ашық-шашық жатыр», – деді ол.
Евгений Мұхамеджанов – Қазақстандағы танымал эко-сарапшы, ECO Network жобасының негізін қалаушы және азаматтық белсенді.