Нұр-Сұлтан
Қазір
15
Ертең
17
USD
480
+0.69
EUR
535
+1.20
RUB
5.16
-0.01

БРИКС елдері жалған ақпаратқа қарсы күресті күшейтеді

Медиа саммит барысында биыл тамыз айында медиафорумы өткен «Каспий ақпараттық агенттіктер альянсының» отырысы өтті. Айта кетейік, IX Каспий медиа форумында Каспий жағалауындағы мемлекеттердің, ортақ тарихы, мәдениеті, тілі мен менталитеті бар елдердің ақпараттық агенттіктер альянсын құру ұсынылған болатын. Форумда Қазақстан Республикасы Президенті Телерадиокешенінің стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі басқарушы директоры Роберт Мурадян Каспий маңы елдері арасындағы ақпараттық байланысты нығайту және ортақ медиа кеңістік құру бойынша Қазақстан медиа қоғамдастығы жүргізіп жатқан жұмыстар туралы айтты. Сондай-ақ, Әзірбайжан Республикасының АЗЕРТАДЖ ақпараттық агенттігінің техникалық даму жөніндегі директоры Фауд Гадилли және Иран Ислам Республикасының IRNA ақпарат агенттігінің халықаралық ақпарат жөніндегі бас редакторы Хоссейн Аболгасеми ынтымақтастық туралы ойларын ортаға салды. Кездесу қорытындысы бойынша Каспий маңы елдері арасындағы қарым-қатынасты нығайту және жалған ақпаратқа қарсы күрес жөнінде шешімдер қабылданды. Бұл шешімдердің барлығы БРИКС+ медиа саммитінің ұстанымы мен күн тәртібіне сәйкес келеді және бірлестіктің бірыңғай ақпараттық алаңын құру жөніндегі міндеттерді ұжымдық шешуге бағытталған.

БРИКС + 2024 медиа-саммитінде өз елінің делегациясын басқарған Вьетнам ақпарат агенттігі (ВИА) бас директорының орынбасары Доан Тхи Тует Нюнг «саммит әлемдік БАҚ-тардың рөлін талқылауға мүмкіндік беріп, көпполярлы әлемді құруда жаңа идеялар мен көзқарастар ұсынды, заманауи бұқаралық ақпарат құралдарының артықшылықтары мен кемшіліктерін талқылауға мүмкіндік берді» деп атап өтті. Сонымен қатар, ол «2015 жылы БРИКС-тің алғашқы медиа саммиті өткізілгеннен бастап осы күнге дейін ол тәжірибе алмасу, журналистика мен коммуникация саласындағы ынтымақтастықты нығайту бойынша маңызды алаң болып табылады» деді. Форум қатысушылары жалған жаңалықтар мен сенімсіз ақпараттарға қарсы күресте тәжірибе алмасу және үйлестіру тақырыбын, сондай-ақ журналистика мен коммуникация саласында жаңа технология мен жасанды интеллектті тиімді пайдалану мәселесін талқылады.

Саммиттің күн тәртібі ең алдымен, соңғы уақытта батыс медиа ресурстары тарататын жалған ақпарат ағынының күшеюіне байланысты. Қытай өкілдері Қытайға қарсы жалған жаңалықтардың таралып жатқанын бірнеше рет атап өткен. Соған қарамастан, бұл ақпаратты жүздеген батыс БАҚ-тары жариялап, ҚХР имиджіне елеулі зиян келтіруде. Сол туралы Ресей билігінің өкілдері де бірнеше рет мәлімдеген.

Украинамен соғыс іс жүзінде батыс медиа ресурстарында президент Владимир Зеленскийдің өкілдерінің сөзімен ғана қамтылған. Қақтығыс туралы батыс медиа қауымдастығы жариялайтын ақпараттың дені жалған болса да жаңалық ретінде ұсынылады. Соңғы уақытта БРИКС+ бірлестігі, оның мақсаттары мен міндеттері туралы жалған жарияланымдар көбейді. Бұл ақпарат бірлестікті ыдыратуға және оның жұмысы туралы жалған түсінік қалыптастыруға бағытталған. БРИКС+ мүшелерінің санының артуын жоспарлап отырғанын ескерсек, ақпараттық қауіпсіздік және жалған ақпаратқа қарсы күрес осы құрылымның ажырамас бөлігіне айналуда. Осы себепті медиасаммиттің барлық қатысушысы бұл мәселені көтеріп, БРИКС+ елдерінің барлық БАҚ-тары батыстың жалған ақпарат толқынына қарсы бірлесіп күресу керектігін атап өтті. Өткен жылы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның БРИКС-ті қатысушы мемлекет ретінде дамытуға үлес қосқысы келетінін ресми түрде мәлімдеген болатын.

«Бүгін әлем күрделі қауіптерге тап болып отыр. Геосаяси шиеленіс экономикалық және климаттық дағдарыстармен күрделене түсуде. Жаһандық қауіпсіздік архитектурасы халықаралық қатынастардың ретсіз және болжап білуге болмайтын жүйесіне жол беріп, сәтсіздікке ұшырады. Бұл жағдайда біздің ортақ міндетіміз – әлемдік қақтығысты азайтып, қазіргі әлемде қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етудің тиімді шешімдерін табу», – деп мәлімдеді. «Қазақстан халықаралық және аймақтық тұрақтылықты нығайтуға бағытталған саясатымызға сәйкес, БРИКС сияқты жаһандық қауіпсіз және теңгерімді әлем құруға салмақты тәсілдер ұсынатын негізгі халықаралық ұйымдармен серіктестікті белсенді түрде қолдайды», – деді биыл шілде айында өткен Х БРИКС Парламенттік форумының пленарлық отырысында Қазақстан сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары, Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу де БРИКС диалогы министрлік сессиясына белсенді түрде қатысып, еліміздің бұл бірлестікті жаһандық экономикалық өсім мен тұрақты дамудың қуатты драйвері ретінде қарастыратынын атап өтті. Бүгінде Астананың БРИКС-тің барлық елінде дипломатиялық өкілдігі бар.

«Былтыр біздің БРИКС-ке мүше елдермен тауар айналымымыз екі есеге өсіп, 70 миллиард АҚШ долларынан асты. Біз цифрлық технология, маңызды минерал, ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым, инвестициялық жобалар және басқа да салалардағы байланыстарды кеңейтуге үміттенеміз», – деді Мұрат Нұртілеу.

«Қытай Қазақстанның БРИКС-ке қосылуын қолдайды. (…) Қытай әрқашан Қазақстанмен қарым-қатынасты стратегиялық биіктен және ұзақ мерзімді перспективада қарастырып, Қазақстанды көршілес елдермен сыртқы саясаттағы басымдығы ретінде қарастырады және Орталық Азиядағы маңызды серіктес деп санайды. Қытай-Қазақстан қарым-қатынастарын қамтамасыз етудегі біздің ерік-жігеріміз бен шешіміміз берік және конъюнктуралық ықпалдарға бағынбайды. Қытай әрқашан Қазақстан үшін сенімді тірек болатынына сендіргім келеді», – деді Қазақстанға жасаған сапарында ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин.

Естеріңізге сала кетейік, БРИКС (BRICS) – 2006 жылы Ресейдің бастамасымен құрылған бейресми мемлекетаралық бірлестік. Оның негізін қалаушылар Бразилия, Ресей, Үндістан және Қытай, олардың ағылшын тіліндегі атауынан алғашқы әріптері BRIC акронимі құрылды. 2011 жылы Оңтүстік Африка қосылған кезде, бірлестік BRICS деп атала бастады. 2023 жылы оған Мысыр, Иран, БАӘ, Сауд Арабиясы және Эфиопия қосылғаннан кейін де, ресми түрде BRICS атауы сақталып қалды, бірақ бейресми түрде бұл ұйымды жиі BRICS+ деп атап жүр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз