Нұр-Сұлтан
Қазір
-11
Ертең
-8
USD
524
0.00
EUR
545
0.00
RUB
5.11
0.00

Көшеде мас күйде жүрген прокурор қызметінен кетті

Прокурордың орынбасары Сәтбаев фотосурет пен бейне нақты күні қай күні түсірілгенін білу мүмкін емес екенін айтқан. Бірақ қоғамдық резонансқа байланысты оқиғаны елемеске болмады. Сондықтан, 2024 жылдың 15 тамызында қызметтік тергеу нәтижелері және облыс прокуратурасының тәртіптік комиссиясының ұсынымы бойынша Абылай Бисқалиев қызметтік сәйкестік бойынша тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

«Бисқалиев мемлекеттік қызметшілердің моральдық-этикалық келбетіне қойылатын жоғары талаптарды түсініп, басшылықтың атына атқарып отырған лауазымынан босату туралы баянатпен жүгінді. 20 тамызда ол БҚО мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры қызметінен босатылды», – деді Сәтбаев.

13 тамызда Қазнетте облыстың табиғат қорғау прокуроры Абылай Бисқалиев мас күйінде қала көшелерімен теңселе жүрген бейнесі тараған еді. Осыдан кейін прокурордың үстінен қызметтік тергеу басталған. 2018 жылғы 23 ақпанда Абылай Бисқалиев Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының прокуроры болып тағайындалған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз