Нұр-Сұлтан
Қазір
-15
Ертең
-17
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Петропавлда отбасы мүшелерін түгел бауыздағандар ұсталды

Ерлі-зайыптылар мен олардың ұлы байланысқа шықпаған соң, туыстары алаңдап, олардың үйіне келеді. Сөйтіп, жантүршігерлік қылмыс жайлы полицияға хабарлайды. Отбасының жалғыз мүшесі – қызы ғана тірі қалған, өйткені, қылмыс болған уақытта ол Ресейге туыстарының үйіне кеткен.

Полиция күдіктілерді бірден қолға түсірді. Олар – жеке кәсіпкер ретінде жерлеу қызметтерін көрсететін 37 жастағы Е. және оның қызметкері – 25 жастағы О., үшінші күдікті – алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған екі немесе одан да көп адамды өлтіруге түрткі болды деп айыпталған 42 жастағы С.

Олар жерлеу бизнесіндегі бәсекелестікте озу үшін саналы түрде бұл қылмысқа барған. Белгілі болғаны, бауыздалған ерлі-зайыптылардың иелігіндегі ұйым конкурстық тендерлердің басым бөлігінде жеңген. Яғни, мәйіттерді Петропавлдың медициналық мекемелерінен, сондай-ақ құқық қорғау органдарының өтінімдері бойынша тасымалдауға байланысты қызмет көрсетуге арналған конкурста таңдалған.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2025 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз