Халыққа «ТікТок имам» ретінде танылған Нұрлан Байжігітұлы қоғамда қара жамылғандар туралы ойын айтты. Оның сөзінше, қазақты ешкім қара киім киімге мәжбірлей де, киіндіре де алмайды.
«Біздің халыққа қара киінгендерді жүргізбек түгілі, құшақтап жатқызса да қабылдамаймыз. Мысалы, мен қазақтың азаматы ретінде қабылдамаймын. Қара киінуге қарсымын. Бірақ қара киіну – олардың қалауы шығар. Біз зайырлы мемлекетпіз, біз Ислам мемлекеті емеспіз. Сондықтан қара киінгендерге көз үйренгенше, жалаңаштанғандарға көз тез үйреніп кетті. ЛГБТ-ға үйреніп бара жатырмыз. Соған қарағанда, сахнада боқауыз айтып, ұятсыз киноны талқылайтындарға біздің етіміз үйреніп барады. Қара киінгендерді елдің көзі үйренсін деп көшеде жүргізді делік. Бірақ солардың елдің бәрі жақсы көреді деймісің? Керісінше, елдің бәрі жек көреді. Қара киіну қанымызда жоқ. Қазақты қара киіндіре де алмайды. Хиджаб деген басын жабу емес, қара киіну емес, ол жүректі, арын, намысын жабу. Кию үшін ешкім ақша бермейді, ал шешіну үшін бәрі ақша береді», – деді Нұрлан имам «Qasqa jol» ютуб каналына берген сұхбатында.