Павлодар қаласында тәртіп сақшылары көлікті өртеген адамдарды да анықтап, оны қамауға алды. Жедел-іздестіру операциясы кезінде павлодарлық жедел уәкілдер Toyota Land Cruser 200 маркалы автокөлікті өртеген адамдарды анықтады.
«Павлодар тұрғыны ақшалай сыйақы үшін осы қылмысты алдын ала жоспарлап, Алматы тұрғынына автокөлікті өртеуді ұсынған. Ол келісіп, тез тұтанатын сұйықтықты пайдалану арқылы Майра көшесіндегі үйдің тұрағындағы автокөлікті өртеп жіберген», – делінген хабарламада.
Павлодар облысы ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Балғабай Қапаровтың айтуынша, мүлікті қасақана жою фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдіктілер ұсталды.