Олимпиада жүлдегері Назым Қызайбай Алматыға оралды. Алматылықтар спортшыны салтанатты түрде күтіп алды. БАҚ өкілдерінің сұрағына жауап берген Назым Қызайбай жарыстан кейінгі әсері туралы баяндады.
«Жалпы Олимпиада жақсы өтті. Жаттықтырушыммен жақсы дайындалып, қолаға қол жеткіздік. Халықтың күтіп алғанына қарап, жеңіске жеткенімді енді сезініп жатырмын. Жанкүйерлерге мың алғыс. Барша Қазақстанның қолдауын сезіндім. Парижде жүріп, ең бірінші анамның тамағын аңсадым», – деді Назым Қызайбай.
«Алдағы жоспар туралы айтар болсам, Олимпиададан енді ғана келдік, сондықтан біраз демаламын. Әрі қарай бапкеріммен ақылдасып, шешім қабылдаймыз. Бірақ бізде үш дүркін әлем чемпионы жоқ. Сондықтан тарихта із қалдыру үшін барымды саламын және соған қол жеткіземін деп ойлаймын, – деді спортшы ару.
Еске салсақ, ол 7 тамызда Париж Олимпиадасының қола жүлдегері болды.