Президент Пантелей Кесоглуді І дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет пен эстрада өнерін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Пантелей Константинович Кесоглуді І дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды», – делінген хабарламада.