Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
-14
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Димаштың жанкүйерлері Испанияда Домбыра күнін атап өтті

Домбыра күнін атап өту үшін Қазақстан Елшілігі концерт ұйымдастырып, онда балалар дәстүрлі аспапта әр түрлі туындылар орындады. Алинұр мен Әлихан Амангелді мен Дәулет Исмаиловтар өнерлерін паш етіп, қазақ музыкасының рухын жеткізіп, көрермендерді өнерлерімен баурап алды.

Испаниядағы қазақ диаспорасының өкілі Гүлнара Гульча қонақтарға қазақтың ұлттық тағамдарын ауыз тигізіп және ұлттық киімдерімен таныстырды.

Шараға Димашқа арналған туындыларын ұсынған фан-арт суретшісі Хосе Бусон; «Baqytty Bala – 2023» жеңімпазы Люсия Касани; және «La Voz Kids – 2023» финалисті Жален Али сынды арнайы қонақтар да қатысты. Жас әншілер ән орындап, әдемі кешті жандандырды. Ал, кештің соңында орындалған нөмір көрермендерді ерекше қуанышқа бөледі.

Димаш Құдайберген жанкүйерлерінің Мадридтегі кездесуі тек музыка мерекесі ғана емес, мәдениеттер бірлігінің символына айналды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз