Әлемнің төртінші, Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина «Уимблдон» турнирінің ширек финалына шықты. Елена Рыбакина Лондонда өтіп жатқан «Уимблдон» турниріндегі жеңісті жолын жалғастыруда.
Отандасымыз үшінші айналымда әлемдік рейтингте 91-орында тұрған польшалық Каролина Возняцкиді ұтса, төртінші кезеңде әлемдік рейтингте 18-орында тұрған, ресейлік Анна Калинскаяны екі сетте ұтты.
Енді Рыбакина ширек финалда әлемдік рейтингте 21-орында тұрған Элина Свитолинаға қарсы ойнайды. Айта кетейік, бұған дейін Уимблдон турнирінде сенсация жасап, әлемнің бірінші ракеткасы Ига Швентекті жеңген Юлия Путинцева төртінші кезеңде Елена Остапенкодан ұтылып қалды.