Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
-14
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Алматы әкімдігі мен БТА банк Храпунов пен Әбілязовқа қарсы сотта жеңіске жетті

Сот процесі кезінде Алматы әкімдігі бұрынғы қала басшысы Виктор Храпуновтың алаяқтық әрекеттерін дәлелдеуге мүмкіндік берді. Ол да лауазымын асыра пайдаланып, мемлекет меншігіндегі жер телімдерін қолдан арзандатылған бағамен сатқан. Ал ол телімдерді сатып алған компаниялар көбінесе жұбайының, кейде тіпті Мұхтар Әбілязовтің бақылауында болған.

Сотта ұсынылған дәлел материалдары М.Әбілязов пен В.Храпуновтың жымқырған ақшаларын біріктіріп ұстағанын көрсетеді. В.Храпуновтың ұлы, М.Әбілязовтің күйеу баласы Ілия Храпунов осы ақшаның бір бөлігін «тазартып», ашық айналымға шығарып отырған. Сол кезде 23-те болған Ілияс Храпунов ақшаны тазартып, жылыстату үшін Феликс Саттердің көмегіне жүгінеді. Ол І.Храпуновқа 40 млн долларды америкалық активтерге салуға көндірген.

Қазылар алқасы Эльвира Храпунова мен Ілияс Храпуновтың инвестицияға салған ақшаның негізгі көзі болып саналатын судья Геннадий Петелинді, Виктор Храпунов пен Мұхтар Әбілязов тергеді.

«Сот алқасы Саттер мен Мочкин есімді өкілдер М.Әбілязов пен В.Храпуновтың БТА банк пен Алматы әкімдігінен ұрлаған ақшасын саналы түрде жылыстатып отырған. Қазылар алқасы Саттердің қорғаушылары ұсынған қорғау деректерін қабылдамады. Америкалық қазылар алқасы Мұхтар Әбілязовтің БТА банкке қатысты алаяқтық әрекетінің жан-жақты дәлелдерін қарап, оның сыбайластарына қатысты бірауыздан үкім шығарды. Ал Виктор Храпуновтың мәселесі бойынша Алматы әкімдігінің пайдасына бірауыздан үкім шығарды. Американың алқабилер сот жүйесі халықаралық сот төрелігінің алтын стандарты болып есептеледі. Біз бұл америкалық қазылар алқасына бұлтартпас дәлелдер ұсына алғанымызды мақтан тұтамыз және БТА банк пен Алматы әкімдігінің пайдасына шығарылған үкімге, оның ішінде Феликс Саттердің әрекеті бойынша өтемақы тағайындалғанына өте қуаныштымыз. Сот алқасына біз ұсынған дәлелдерді мұқият зерттегеніне алғыс айтамыз», – деді Алматы әкімдігі мен БТА банк адвокаты, Boies Schiller Flexner LLP төрағасы әрі басқарушы серіктесі Мэтью Л. Шварц.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз