Ақтауда көпқабатты тұрғын үйде бүрге қаптап кетті. Бүкіл пәтерді жайлап алған зиянкестер тұрғындарды тынышынан айырды. Бүргелер ересектерді де, балаларды да шағып, денесінің сау жерін қалдырмаған.
Тұрғындардың бірі екі жастағы немересінің аяғын бүрге шаққаннан қасып тастағанын айтады. Оны дерматологқа апарғанда маман мұны бүрге шаққанның салдары деп анық айтқан. Тұрғынның айтуынша, соңғы үш жылда үнемі бүрге қаптайды. Олар алдын алу шаралары жүргізілмейді де ашынады. Тұрғындардың пәтер иелерінің кооперативіне сұраныс жіберіп жүргелі үш жыл болған.
«Бүрге шаққаннан. Мамыр, маусым, шілде айлар ылғи осылай өтеді. Маусым аяқталып қалды, ал бізге әлі дизинфекция жүргізілген жоқ», – дейді Айшат !!Әбдірахманова.
Зиянкестермен күрес жұмыстарын жүргізетін жергілікті компания жүйелі түрде дизинфекция жасалып жүргенін айтады. Тұрғын үйге қызмет көрсететін коммуналдық мекеменің мәлімдеуінше, өтініш түскен сайын залалсыздандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мысалы, маусым айында 8 үйге дизинфекция жұмыстары жүргізілген.
«Бүрге мәселесі жыл сайын көтеріледі. Бұған көндігуден бұрын, мүның факт екенін қабылдау керек. Дизинфекциямен айналысатын көп компаниялардың жұмысы тиімді бола бермейді. Біз басқа жолдарын қарастырып жатырмыз. Бар айтарым, біздің жұрғынүйдің басшылығы барынша тырысып жатыр», – дейді «Актау Рауан LTD» пәтер иелерінің тұтыну кооперативінің диспетчері Сәлима Менгисиева.