Грек елінің билігі яхтадан отшашу атқан 13 адамды тұтқындады. Себебі оның шоғы Афины маңындағы аралдағы орманға түсіп, өрт шыққан. Бірнеше грек бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, өртке түрткі Қазақстан азаматтары.
Кінәлілерге 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру және 200 000 евро көлемінде айыппұл төлеу жазасы қарастырылған, деп жазады Guardian газеті. Ресми тұрғыда күдіктілер туралы ақпарат тарамады. Алайда грек бұқаралық ақпарат құралдары аралдың бір бөлігін өртеп жіберген отшашуды Қазақстаннан келген туристер атқанын жазады.
Skai.gr деген басылым болса, Қазақстаннан келген туристердің яхтаны жалға алуға ғана қатысы барын, қазір олардың босатылғанын жазады.