Әнші Димаш Құдайберген Қытайдағы басты телеарнаның жобасына қатысты.
Dimashnews.com сайтының жазуынша, 8 маусымда CCTV-1 арнасы Қытайдың Орталық радио және теледидары Мәдениет және туризм министрлігімен бірлесе отырып, Қытай мен басқа да шетелдер арасындағы кең ауқымды халықаралық мәдени алмасу мақсатында жүзеге асырған «Сұлулық пен үйлесімділік» жобасының жаңа бөлімін көрсетті.
Музыка шекараларды, ал мәдениет көпірлерді бағындырды. Әуен басталғанда, менің әнімнен күш пен қайраттың лебі сезіліп тұрады деген үміттемін, – деп жылы лебізбен Димаш жанкүйерлерін бағдарламаны тамашалауға шақырды.
Айта кетейік, Димаш былтыр қазан айында өткен «Сұлулық пен үйлесімділік» жобасының премьера бөліміне қатысқан болатын. Одан кейін атақты пианист Ланг Лангпен бірге композитор Синь Синхайдың «Сары өзеннің қайықшысының әні» атты фортепианолық концертінің бірінші бөлімінің фрагментін орындап, қазақтың халық әні «Дударайды» төл дәстүрлі нақышта және джаз-фанк стилінде ұсынды.