Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен ҚР Денсаулық сақтау министрлігі «Шымкент обаға қарсы күрес станциясы» РММ бастығы Р. Сайлаубекұлы, «Отырар обаға қарсы күрес бөлімшесінің» РММ филиал бастығы Г. Абишова, сонымен қатар бас бухгалтері Ш. Зейілбекова мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салына отырып, жалпы сомасы 48,4 млн теңге айыппұлға сотталды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.