Жезқазғанда бес жасар бала өтіп бара жатқан адамдарды көлікпен қағып кетті. Оқиға түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады.
Оқиға «Гранд Палас» ресторанның жанында болған, салдарынан адам зардап шеккен.
Белгілі болғандай, бес жасар бала көлікті қол тежегішінен алып тастаған. Салдарынан көлік жаяу жүргіншілер тобын қағып кеткен.
«Аталған факті полицияда тіркелді. ЖКО салдарынан көз жұмғандар жоқ. Осыған қарамастан, түрлі дене жарақаттарын алған 4 жаяу жүргінші ауруханаға жатқызылды. Тиісті сараптамалар тағайындалды», – деп мәлімдеді Ұлытау облыстық ПД баспасөз қызметінен.
Жергілікті Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, ауруханаға түскен төрт адамның үшеуі – әйел, біреуі – ер адам. Ер адамның қабырғалары сынған, ішкі ағзалары көгерген. Ал зардап шеккен үш әйел амбулаторлық емделуге жіберілді, олардың да ішкі ағзалары көгерген.