Гидротехникалық нысандарда салуға бөлінген қаражаттың жұмсалуы тексеріледі.
Қаржылық мониторинг органдары Алматы қаласында, Ақтөбе, Қызылорда және Ұлытау облыстарында жымқыру белгілері бойынша төрт іс қозғады. 5 адам күдікті деп танылды. Залалдың жалпы сомасы 1 млрд теңгеден асты.
Сонымен қатар, алдын алу жұмыстары зардап шеккендерге көмектесу үшін ақша жинауды жариялайтын алаяқтарға қарсы тұруға бағытталады. ҚМА басшысы Дмитрий Малахов су тасқыны салдарын жою үшін бөлінген ақшаны мақсатты пайдалану мен көмек зардап шеккен барлық азаматтарға нақты жетуді қамтамасыз етуді тапсырды.