Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
-12
USD
496
-2.06
EUR
523
-2.87
RUB
4.94
-0.03

25-ке толмағандардың құмар ойынға қатысуына тыйым салынады

Аталған санаттарға заңсыз ойын ойнауға мүмкіндік берген заңды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Бұл жағдайда орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 300 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 1000 АЕК көлемінде айыппұл салынады.

Сондай-ақ ойын бизнесін ұйымдастырушылар құмар ойындар мен бәс тігудің тәуекелдері мен зияны туралы хабарлауға міндеттеледі. Мұндай ақпарат ойын мекемелерінде, ғимараттарда, билет кассаларында және букмекерлік кеңселер мен тотализаторлардың электронды кассаларында, казино кассалары мен ойын автоматтары залдарында, сондай-ақ өздерінің интернет-ресурстарында орналастырылуы тиіс. Талаптарды орындамағандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Сонымен қатар, онлайн-казинолардың қызметін ұйымдастырғандарға қылмыстық жауапкершілік енгізіледі. Заң жобасы аясында электронды казино мен онлайн казино қызметін ұйымдастырған заңды тұлғаларға қылмыстық жаза қолданылады. Оларға 2000 АЕК дейінгі мөлшерде айыппұл салу не 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмысқа тарту немесе 2 жылға дейін бас бостандығын шектеу не мүлкін тәркілеп, сол мерзімге бас бостандығынан айыру ұсынылады.

Ойын бизнесін ұйымдастырушылар енді өздерінің аппараттық-бағдарламалық кешендерін Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйелерімен біріктіруге міндеттеледі. Осылайша мемлекет олардың барлық қаржылық операциясын көре алады.

Ойын бизнесі мәселелері туралы заң жобасында букмекерлік кеңселер мен казиноларды ғимараттардың, құрылыстардың қоршауларында және көлік құралдарының сыртқы жарнамасында, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарында, мерзімді басылымдарда, кино, бейне және анықтамалық қызметтерде жарнамалауға толығымен тыйым салынады.

Дегенмен, букмекерлік кеңсенің және тотализатордың орналасқан жерінде, спорт ғимараттарының ішінде, спорттық бағыттағы теле, радиоарналар мен интернет-ресурстарда жарнамалауға рұқсат етіледі.

Лицензиясы жоқ шетелдік букмекерлік кеңселер мен лотереялардың интернет-ресурстарына да тыйым салынады. Сот актісі негізінде қызметі заңсыз деп танылған шетелдік ойын бизнесін ұйымдастырушылардың тізімі жасалады. Бұл ретте банктер мен төлем жүйелеріне олардың пайдасына операциялар жүргізуге тыйым салынады.

Лотерея билеттерін, соның ішінде электрондық билеттерді тек лотерея операторы мен агенті арқылы таратуға болады. Оларды лотерея терминалдары, стационарлық емес бөлшек сауда объектілері, Ұлттық пошта операторының пошта бөлімшелері және лотерея операторының бөлімшелері арқылы таратуға рұқсат етіледі.

Тұрғын үйлер мен жатақханаларда, мәдениет ұйымдары орналасқан жекелеген ғимараттар мен құрылыстарда, білім беру ұйымдарында, ғибадат үйлері мен құрылыстарында лотерея билеттерін таратуға және терминалдар орнатуға тыйым салынады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз