Қазақстанның солтүстігіндегі ауыл тұрғындарына сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін курстардан өту ұсынылды.
Сонымен қатар, өмірлік қиын жағдайға тап болған ауыл тұрғындары үшін қоғам белсенділері кәсіби қайта даярлау бойынша қысқа мерзімді курстарды тегін өткізді. Курстарда олар кірпіктерді ұзартуды үйретті, қас жөндеуші, шаштараз, веб-дизайнер, СММ мамандары, клипмейкерлер дайындады. Оқытудан мүгедектігі бар еңбекке қабілетті жастағы ауыл тұрғындары, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар, аз қамтылған, толық емес, көп балалы отбасылардың мүшелері, сондай-ақ NEET жастар өкілдері өтті.
Барлығы 20 адам білім алды, оның ішінде 7 бенефициарға жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетілді. Тыңдаушылар оқу бағытын өздері таңдады. “Кеңес” жобасын іске асыру биылғы жылдың қазан айында аяқталады.