Қонақ күту қызметіндегі кадрлармен жағдайды өзгерту үшін шетелдік мамандарды тартпастан бұрын, өз мамандарымызды өсіру қажет.
Бірақ әлемде карантиндік шектеулер алынып, шекаралар ашылуда, сондықтан жоспардың орындалмау қаупі бар. Себебі, Қазақстан ішінде көптеген бағыт бойынша демалу шет елдерге қарағанда көбінесе қымбатқа түседі және қызмет көрсету ақсап тұр
Мұны Шымкент қаласының туризм және сыртқы байланыстар басқармасы жанындағы Visit-Shymkent туристік ақпараттық орталығы басшысының орынбасары Нұртас Байларов та растап отыр. Оның айтуынша, Қазақстанда қызмет көрсету деңгейін көтеру керек. Бүгінгі таңда қызмет көрсететін персонал арасында мамандар жетіспейді — даяшылар, қонақ үй қызметкерлері, гидтер мен экскурсия жасаушылар. Бұл таңқаларлық емес — оларға аз ақша төленеді.
Оның үстіне
көптеген адамдар даяшы, гид немесе экскурсия жасаушы болу беделді емес деп санайды. “Туризм” мамандығы бойынша оқығаннан кейін, көпшілігі жалақысы жоғары жерлерге барады
Байларов атап өткендей, Шымкенттің кейбір қонақ үйлері өз қызметкерлерінің жалақысын да, біліктілігін де көтеруге дайын. Бүгін олар топ-менеджерлердің жетіспеушілігіне шағымданады.
— Қонақ үй қызметі қызметкерлерінің біліксіздігіне менталитет те рөл атқарады — адамдарға жинақылық пен жауапкершілік жетіспейді. Біз мұны өзгерткіміз келеді.
Біздің бөлімде Түркиядан немесе Ресейден коучтер тарта отырып, мемлекет есебінен туристік бизнес қызметкерлерін оқыту жоспарланып отыр. Бұл үшін мемлекет шамамен 4 млн теңге бөлді
Қазір біз жастарды гид-экскурсовод мамандығына қызықтыруға тырысамыз. Мұндай мамандардың да жақсы ақша таба алатындығын бәрі бірдей біле бермейді. Сонымен қатар, жұмыс қызықты, адамдармен қарым-қатынасты қамтиды, – дейді ол.
Қазақстандық туристік ассоциацияның директоры Рашида Шайкенова білікті мамандарды сырттан іздемей, өзіміз өсіруіміз керек екенін атап өтті. Алайда, жұмыс берушілердің көбі мұны түсінбейді және жұмысқа экспаттарды тартуға тырысады.
— Егер біз өзіміз туриндустрияға мамандар даярлайтын, оларға білім беру бағдарламаларын біріздендіруге және студенттердің практикалық дағдыларды үйренуіне көмектесетін оқу орындарымен жұмыс жасамасақ, біз алға жылжымаймыз
Сонымен қатар, ішкі туризмнің одан әрі өсуі үшін инфрақұрылым мен туристік қызметтерді жақсартуға назар аудара отырып, өңірлерді дамыту қажет, — деп атап өтті ол.
Шайкенованың айтуынша, Оңтүстік Қазақстан әрдайым туристер үшін тартымды болған. Егер Түркістан облысына қазір жақсы қаржы құйылып жатса, онда Шымкентке өз бюджеті, инвесторлар қаражаты және жергілікті кәсіпкерліктің еңбек ынтасы есебінен ілгерілеу қажет.
— Шымкентке шетелдік туристерді тарту үшін тарихи және мәдени-танымдық туризм бойынша қолда бар ресурстарды қалалық туризммен біріктіру қажет.
Шымкенттің Ұлы Жібек Жолы қалаларының бірі екенін айтып, сол тарихи кезеңдегі адамның қызметін көрсету маңызды
Осының бәрі Шымкентке туристік дестинация ретінде жаңа серпін беруге қабілетті, — деп түйіндеді Шайкенова.